Digital Transformation 2025

Digital Transformation 2025

 Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ ұйымдастыруымен «Digital Transformation 2025» конференциясы өтті. Іс-шараға өңірлік цифрландыру басқармалары, министрлік өкілдері мен салалық сарапшылар қатысты.

Конференция барысында байланыс саласын дамытудағы стратегиялық және техникалық аспектілер, барлық азаматтар үшін қолжетімді интернетті қамтамасыз ету, сондай-ақ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының ағымдағы жағдайы мен болашағы қарастырылды. Ерекше назар байланыс сапасын арттыру, мобильді технологияларды дамыту, талшықты-оптикалық желілерді өткізу және ірі қалаларда 5G енгізу мәселелеріне аударылды.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердегі байланыс инфрақұрылымын жақсарту, интернет  сапасын мониторингтеу және бақылау, сондай-ақ талшықты гипермагистральдің құрылысы бойынша шаралар талқыланды. Қатысушылар Қазақстанда заманауи цифрлық орта құру үшін мемлекет, бизнес және салалық қоғамдастықтың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.