Баспасөз хабарлама «Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің iPhone онлайн ұрлануда»

Баспасөз хабарлама «Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің iPhone онлайн ұрлануда»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық
қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты
интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lostiphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennykyobmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/)
ақпаратына сәйкес құқықбұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMS
немесе iMessage жолдайды, хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі және
жадының көлемі көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығын
көрсету әсерін қолданады.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My
сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен
паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл құқықбұзушыларға iPhone белсендіру блоктауын айналып өтуге,
құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере
отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстану ұсынылады:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратын
көрсету үшін бөлек электронды пошта мекенжайын пайдалануды;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.