
Айбек Ғалымжанов ротация тәртібімен Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұрынғы басшы Жолдасқали Бейісов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды.
Жаңа басшыны ұжымға ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова таныстырды.
Айбек Ғалымжанов Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Көлік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Статистика саласында еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысының Жангелді аудандық статистика бөлімінің бастығы болып бастаған.
2005-2012 жылдары Қостанай облысының Статистика есептеу орталығының директоры қызметін атқарды.
2012-2015 жылдары Қамысты ауданы (Қамысты ауылы) әкімдігі аппараты мен Қостанай қаласы әкімдігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бөлім басшысы, басшы қызметтерін атқарды.
2019 жылғы қарашадан бастап жаңа тағайындауға дейін Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында болды.
«Құрмет» орденімен және «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» және «Статистика үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.