Ұлттық статистика бюросы мен Азия даму банкінің ынтымақтастығы жалғасып келеді

Ұлттық статистика бюросы мен Азия даму банкінің ынтымақтастығы жалғасып келеді
2-5 маусым аралығында Ұлттық статистика бюросында деректерді маусымдық түзетудің жаңа әдістерін қолдану бойынша тренинг өтті. 
 
Оқытуды Азия даму банкі "Жаңа статистикалық ресурстарды әзірлеу және жаңа деректер көздері мен технологиялар саласындағы әлеуетті арттыру" бірлескен жобасы аясында ұйымдастырды. 
 
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің мамандары JDemetra+ бағдарламасымен жұмыс істеуді меңгеріп, маусымдық көрсеткіштерді есептеу бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Бұл оқу еңбек құнының индексін есептеу әдістемесін жаңартуға негіз болады. Әдістемені қайта қарауды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 
 
Бүгін Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаева АДБ өкілдерімен - Экономикалық зерттеулер және дамуға әсер ету департаментінің аға статистигі Штефан Шиппермен және кеңесші Айжан Болатбаевамен кездесіп, қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін сарапшыларға алғысын білдірді. 
 
Өткізілген тренинг Ұлттық шоттар департаментінің мамандары үшін өткен жылғы оқытудың жалғасы бола келе, статистикалық практикаға озық әдістерді енгізу бойынша жоспарлы жұмыстың келешек аяқалысын белгіледі.