2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде-1,2%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен.
Азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендеуі қиярға – 37,1%, қызанаққа – 19,8%, қырыққабатқа – 7,7%, бананға - 5,7%, жұмыртқаға 2,4% болды. Өз кезегінде бағалар лимонға – 9,1%, алма – 6,1%, алмұрт – 5,2%, жүзім-5,1% өскен.
Биылғы мамыр айында алтын сақинаға баға 4,6%, құрылыс материалдарына – 1,1%, киім мен аяқ киімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға – әрқайсысы 0,8% қымбаттаған.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер 4,2%, су бұруға – 1,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,5%, электр энергиясына – 1,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметі 2,1%, санаторилер қызметі 2% қымбаттаған.
Өңірлер арасында ең төменгі айлық инфляция Қарағанды облысында – 0,2%, Астана қаласында – 0,3%, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында тіркелді – әрқайсысында 0,6%.
2025 жылғы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге – 16%, азық-түлік тауарларына – 9,6%, азық-түлік емес тауарларға 9%, жоғарылады.
Жылдық мәнде қарақұмық жармасының бағасы 12% төмендеді, күріш – 8,3%, тәтті бұрыш – 5,5%, қияр – 2,6%, кептірілген өрік 2,5% арзандады.
Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 14,6%, санаторилердің қызметтері 14,4% өсті. Ноутбуктің бағасы 46,5%, алтын сақина 35,6% , планшет бағасы 31,9% өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.