13 ФЕТИХ КУПАСЫ - 2025 САДАҚ АТУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕМІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

13 ФЕТИХ КУПАСЫ - 2025 САДАҚ АТУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕМІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Стамбул, Түркия – 2025 жылдың 25-29 мамыр аралығында.

Дәстүрлі садақ ату әлемі тағы да үлкен жеңістер мен қызықты сәттерге толы Фетих купасы қарсы алады! Фетих Купасы — дәстүрлі садақ атудан Түркияның ең беделді халықаралық турнирі. Бұл жарыс садақ ату дәстүрін жаңғыртып, оны жаңа әлемдік деңгейге көтеруге арналған маңызды алаң болып табылады. Бұл турнирдің атауы Осман империясының жеңісін білдіретін «Фетих» сөзінен шыққан. Турнир өз тарихында садақ атуды тек спорттық жарыс қана емес, мәдени мұра ретінде насихаттап келеді. Онда әлемнің 35 мемлекетінен үздік садақшылар бақ сынайды.
Әрбір қатысушының мақсатында тек жеңіс емес, осы бай мұраны сақтап, жаңа буынға жеткізу міндеті тұр.

Осы дүбірлі додаға Қазақстаннан 50-ге жуық  үздік мерген бақ сынайды. Бұл еліміздің дәстүрлі садақ ату спортында қол жеткізген жетістіктерінің айқын дәлелі.  Былтырғы турнирде Қазақстанның мерген қызы Батихан Айкөркем алтын медаль жеңіп алып, еліміздің садақ атудағы жоғары деңгейін тағы да дәлелдеген болатын. Осы табысты дәстүрді жалғастырып, биыл Қазақстанның ең үздік садақшылары әлемнің үздік мергендеріне қарсы шығады.