Кәмила Берліқаш - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның күміс жүлдегері

Кәмила Берліқаш  - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның күміс жүлдегері

Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қоржынымыз күміс жүлдемен толықты.

+78 келідегі Кәмила Берліқаш финалдық белдесуде Ресей спортшысы Елис Старцевамен жолығып, ауырту әдісімен қарсыласына жол берді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. Леон Минкада-Какуену (Франция)
✅1/4 финал. Джиованна Сантос (Бразилия)
✅1/2 финал. Аида Тойшыбекова (Қазақстан)

Кәмила Берліқаш өз мансабында небәрі екінші мәрте ғана Grand Slam-ның финалына шыға алды. Бұған дейін ол 2023 жылы Abu Dhabi Grand Slam-да күміс жүлде иеленген.