Бұл күндері Филиппиннің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін ерлер командасы арасындағы із кесу жарысында Қазақстан құрамасы 4-нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Уақыт көрсеткіші - 3:54.251 секунд. Ұлттық құрама сапында Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов, Дмитрий Носков пен Максим Хорошавин сынға түсті.
Жүлдегерлер:
1. Қытай
2. Жапония
3. Оңтүстік Корея
Айта кетейік, сары құрлық бәсекесіне 19 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат 31 наурызда аяқталады.