Грек-рим күресі: Қазақстан командасы Хорватиядағы рейтингтік турнирді 3-орында аяқтады

Грек-рим күресі: Қазақстан командасы Хорватиядағы рейтингтік турнирді 3-орында аяқтады

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен 2026 жылдың алғашқы рейтингтік жарысы - Zagreb Open мәресіне жетті.

Бозкілем бәсекесін осы жолы грек-рим күресінің шеберлері тамамдады. Қонысбек Төкенов бастаған Қазақстан құрамасы бәсекеде 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы есепте 3-орын алды.

Назарыңызға біздің жүлдегерлерді ұсынамыз:
🥈Ислам Евлоев (-97 кг)
🥉Ербол Камалиев (-60 кг)
🥉Аманғали Бекболатов (-60 кг)
🥉Алматбек Аманбек (-72 кг)
🥉Ибрагим Магомадов (-82 кг)
🥉Олжас Сырлыбай (130 кг)

Грек-рим күресінен жалпыкомандалық есеп:
1. Иран құрамасы
2. Өзбекстан құрамасы
3. Қазақстан құрамасы

Айта кетейік, келесі рейтингтік турнирді Азия құрлығының атынан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қабылдайды.