
Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан жабық кезендегі XII Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медальмен толықты. Нәтижесінде команда биылғы құрлық додасында 7 жүлдеге (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) қол жеткізді.
Жүлдегерлер:
🥇Әйелдер эстафетасы (4х400 метр) - Аделина Земс, Мария Шувалова, Анна Шумило, Кристина Кондрашова;
🥇3000 метрге жүгіру - Нора Джеруто Тануи
🥇Бессайыс - Алина Чистякова
🥈Биіктікке секіру - Надежда Дубовицкая
🥉Үш қарғып секіру - Мария Ефремова
🥉1500 метрге жүгіру - Нора Джеруто Тануи
🥉Ерлер эстафетасы (4х400 метр) - Мәди Төкенов, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов, Вячеслав Земс;
Жалпыкомандалық есеп:
1. Қытай (10 алтын, 11 күміс, 13 қола)
2. Қатар (4 алтын)
3. Жапония (3 алтын, 6 күміс, 2 қола)
4. Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 3 қола)