
Қазақстанның үстел теннисі құрамасы VI Ислам ынтымақтастық ойындарындағы жарыс жолын екі алтын медальмен аяқтады.
Негізгі командалық жетістік – ерлер арасындағы турнирде қол жеткізген алтын. Финалда ұлттық құрама Иран командасын 8:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Құрама сапында:
Алан Құрманғалиев
Айдос Кенжеғұлов
Кирилл Герасименко
Тағы бір алтын медальді Қазақстан қоржынына Кирилл Герасименко салды. Ол жеке сында чемпион атанып, байрақты бәсекедегі екінші алтын жүлдесін жеңді.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ, Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ