Кирилл Герасименко – Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы

Кирилл Герасименко – Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы

Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль иеленді.
Қазақтың үздік үстел теннисшісі Кирилл Герасименко жеке сында топ жарды.

Финалда ол Мысыр спортшысы Омар Мұхаммед Ассарды 4:1 есебімен ұтып, 2024 жылғы Олимпиададағы жеңілісі үшін қарымта алды.
Парижде өткен Олимпиада ойындарының 1/8 финалында Герасименко алғашқы екі партияны жеңгенімен, жалпы есепте 2:4 есебімен қарсыласына есе жіберген болатын.

Бұл жеңіс Кириллді Ислам ойындарының екі дүркін чемпионы атандырды. Бұған дейін ол командалық сайыста Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжігүловпен бірге алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 35 медаль бар: 10 алтын, 12 күміс және 13 қола.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ