Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Бұл – спортшының құрлықтық додадағы үшінші жеңісі. Осы нәтижесі арқылы ол еліміздің ең табысты гимнасттарының бірі екенін айқын дәлелдеді.

Нариман Құрбанов жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін, техникалық нақтылығын және сенімді орындауын көрсете білді. Ол Азияның үздік гимнастика мектептерінен шыққан қарсыластарын басып озып, биік тұғырдан көрінді.