2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық велошеру еліміздің кең байтақ даласын аралап өтуде.
Бұл ерекше форматтағы спорттық-әлеуметтік шара 28 мамырда Өскемен қаласынан бастау алып, 8 маусымда Орал қаласында аяқталмақ. Велошерудің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру және олардың еңбегін дәріптеу.
Қатысушылар еліміздің бірнеше өңірін артта қалдырып, енді Ақтөбе облысы аумағына аяқ басты. Маршрут келесідей:
📍 Әйтеке би ауданы → Хромтау ауданы → Ақтөбе қаласы → Қобда ауданы
Әрбір аялдамада қатысушылар колледждер мен кәсіпорындарға кіріп, жастармен ашық сұхбат өткізіп, еңбек пен спорттың маңыздылығы жайлы пікір алмасады.
Велошеруге еліміздің түкпір-түкпірінен келген әуесқой спортшылар, жас мамандар мен студенттер қатысуда. Оларға кәсіби веложаттықтырушы Денис Гольцман жетекшілік етуде.
Бұл — жай ғана велошеру емес, бұл елдік, тәрбиелік, мотивациялық сапар!