Елордада керлингтен ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының салтанатты ашылуы өтті

Елордада керлингтен ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының салтанатты ашылуы өтті

Астана қаласында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының кешені мен  «Сарыарқа» мұз айдынында керлингтен ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының салтанатты ашылуы өтті.  

Жарыстың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті төрағасының орынбасары Нурлан Есембаев қатысты.

«Республика кубогын өткізу-ең мықтыларды анықтау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жас таланттардың алға жылжуына және жаңа белестерді бағындыруына қуатты ынталандыру.
Бұл жарыстар біреу үшін жаңа шыңға, ал біреу үшін халықаралық аренадағы үлкен жетістіктерге жетудің бастапқы нүктесі болсын» ,-деп атап өтті ол.

Жарыста еліміздің 9 аймағынан 78 спортшы қатысуда, оның ішінде 40 ерлер болса, қалған 38 спортшы қыздар бар.

– Солтүстік Қазақстан облысы – 2 қатысушы
– Атырау облысы  – 8 қатысушы
– Шығыс Қазақстан облысы – 9 қатысушы
– Жетісу облысы  – 9 қатысушы
– Алматы қаласы – 9 қатысушы
– Астана қаласы – 10 қатысушы
– Алматы облысы  – 10 қатысушы
– Қостанай облысы  – 10 қатысушы
– Маңғыстау облысы – 11 қатысушы

Жарыста 20 білікті мамандар төрешік қызметтерін атқаруда.

Кубоктың бағдарламасына ерлер, әйелдер және аралас жұптар арасындағы топтық кездесулер, жартылай финалдар мен финалдық матчтар енгізілген.

Керлингтен Қазақстан Республикасының Кубогы қысқы спорт түрлерінің күнтізбесінде ерекше орын ала отырып, елімізде керлингтің дамуы мен спорт дәстүрлерін нығайтуына ықпал етеді.