
2025 жылғы 31 желтоқсан күні сағат 19:00-де Шымкент қаласындағы Астана алаңында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, Жаңа жыл!» атты салтанатты мерекелік гала-концерт өтеді.
Ұйымдастырушы: Шымкент қаласының әкімдігі
Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналып ұйымдастырылатын бұл мерекелік кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйламақ. Мерекелік бағдарламада Жаңа жылдық театрландырылған қойылымдары ұсынылып, өңірдің талантты өнерпаздарымен қатар елімізге кеңінен танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Сахна төрінде:
Мерекелік кеш заманауи сахналық безендірумен, әсерлі жарық шоуымен және жаңа жылдық атмосферамен ерекшеленеді. Гала-концерт қала тұрғындары мен қонақтарына арналған.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады және Бақ өкілдерінен ақпараттық қолдау күтеді.
Баршаңызды Жаңа жылды бірге қарсы алып, мерекелік көңіл-күйді бірге сезінуге шақырамыз!