Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылау жөнінде онлайн форматта кеңейтілген жиын ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылау жөнінде онлайн форматта кеңейтілген жиын ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында онлайн форматта кеңейтілген жиын ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық департаменттер мен мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының өкілдері қатысты.

Кеңейтілген жиын барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына жан-жақты тоқталды. Министр өз сөзінде құжаттың қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтіп, оның әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды тетіктерді қамтитынын жеткізді.

Сонымен қатар, баяндамашы жаңа Конституция жобасының әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы және әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды. Осы ретте, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

Аталған жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж.Т.Мақұлбаев және департамент ұжымы белсенді түрде қатысты.

Қатысушылар талқылау барысында өз ұсыныстарын білдіріп, жаңа Конституция жобасының мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

▫️Келелі басқосуда ауқымды реформаның ел болашағына бағытталғанын, қоғамда әділдікті нығайтып, мәдени және рухани дамуға кең мүмкіндік беріп, ел дамуын жеделдететінін атап өттілді.

Жиын қорытындысы бойынша департамент басшысы жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, қызметкерлерді халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге, ақпараттық-насихаттау іс-шараларына белсенді қатысуға және құжаттың негізгі ережелерін кеңінен таратуға шақырды