
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» болып белгіленген.
Осыған орай, Департамент басшысының орынбасары Алиманов Серік Бахтыгерейұлының төрағалағымен өткен мерекелік жиында бөлім басшылары мен мамандар қатысып, саладағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстар талқыланып мерекелік тілектер айтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік салаға сіңген еңбегі үшін Департаменттің маманы Бағила Баймаханқызы Күдебекке берілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамотасы табыс етілді.