
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментің өтініштерді талдау және қадағалау бөлімінің прокурорлары Қ.Юсупов және С.Кәрібай қатысуымен Заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуындағы мәселелерді талдап, пікір алмасып, Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарына сәйкес арыз, шағымдарды қарау тәртіптері, мерзімдері талқыланып прокурорлар қолданылу барысына түсіндірме жүргізді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексін, қызметтік этиканы сақтау, Әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілу керектігі айтылып, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.