ӘҚПК шеңберіндегі электрондық іс жүргізу тақырыбында семинар өтті

ӘҚПК шеңберіндегі электрондық іс жүргізу тақырыбында семинар өтті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде
Департамент басшысының орынбасары С. Алимановтың жетекшілігімен
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘҚПК) шеңберіндегі электрондық іс жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік еңбек инспекторлары мен бөлім қызметкерлерінің Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын, сондай-ақ электрондық форматтағы әкімшілік іс жүргізудің қағидаттары мен тәртібін терең меңгеруін қамтамасыз ету.
С. Алиманов өз баяндамасында электрондық іс жүргізудің маңыздылығына тоқталып,
«eOtinish» және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың құқықтық негіздерін түсіндірді.
Сонымен қатар, әкімшілік істер бойынша құжаттарды электронды түрде тіркеу, жіберу және келісу тәртібі, электрондық құжаттардың заңдық күші мен әкімшілік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Семинар барысында қатысушыларға ӘҚПК шеңберінде электрондық форматта жұмыс жүргізудің артықшылықтары, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңтайландыру бағыттары бойынша тәжірибелік мысалдар келтірілді.
Баяндамашылар атап өткендей, электрондық іс жүргізу тетіктерін кеңінен енгізу азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартуға және мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, электрондық әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бағыттарында тәжірибелік ұсыныстар білдірді.