Іс-шара барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері қаралды

Іс-шара барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері қаралды

2025 жылғы 19 тамызда Шымкент қаласы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті ұжым қызметкерлері мен мамандарға арналған семинар өткізді.

 

Іс-шара барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері қаралды, атап айтқанда:

  • Еңбек кодексінің 9-тарауы – қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
  • 10-тарау – еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі;
  • 11-тарау – кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;
  • 12-тарау – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

 

Труд кодексі нормаларын тереңірек түсіну үшін қатысушыларға еңбек қатынастарынан алынған тәжірибелік мысалдар ұсынылды.

 

Семинар еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылықты арттыруға және қызметкерлердің білімін нығайтуға ықпал етті.