Заңсыз көші-қонның жолын кесу туралы

Заңсыз көші-қонның жолын кесу туралы

2025 жылдың 12 мамырында Ақтөбе облысының «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.

Ресейге транзиттік жүріп келе жатқан жүк көлігін қарап-тексеру кезінде тасымалданған жүктің арасында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген 29 шетелдік азамат табылды.

Осы факті бойынша ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметінің Департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)



ҰҚК шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі