Шекарада автокөліктердің жиналуы бойынша

Шекарада автокөліктердің жиналуы бойынша

ҰҚК Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғыз шекарасында Алматы облысындағы «Кеген» өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналғанын хабарлайды.

Бұл шекаралас аймақтағы жол төсемін жөндеуге байланысты болуда.

Басқа бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.

Осы мән-жайларды ескеруді және мүмкіндігінше қозғалыс бағытын түзетуді сұраймыз.

 

ҰҚК баспасөз қызметі