Innotech: Алматыда жоғары білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Innotech: Алматыда жоғары білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Innotech: Алматыда жоғары білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Алматыда ашылуы жоспарланған Innotech powered by Arizona State University жаңа кампусында стратегиялық халықаралық серіктестер мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Cintana Education президенті Dr. Rick Shangraw, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Deje Holmes, Innotech powered by Arizona State University университетінің негізін қалаушы Болат Пралиев, Innotech powered by Arizona State University университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Айсулу Жанегизова қатысты.

Бағдарлама аясында шетелдік серіктестерге университет кампусы таныстырылып, одан кейін жобаны дамытудың негізгі бағыттары бойынша жұмыс талқылауы өтті. Кездесу барысында ҚР жоғары білім беру жүйесін трансформациялаудағы Innotech powered by Arizona State University университетінің рөлі, экономиканың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар халықаралық академиялық серіктестікті дамыту, оның ішінде Arizona State University және Cintana Education ұйымдарымен ынтымақтастық, білім, ғылым және индустрия интеграциясы, қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, инновациялық экожүйені қалыптастыру және кәсіпкерлікті қолдау, университеттің адами капиталды дамытуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосатын үлесі, Қазақстанды өңірлік білім беру орталығы ретінде ілгерілету бойынша талқылаулар өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен білім беру мен зерттеу бастамаларын іске асыруға мүдделілік білдірді.