Талдықорғанда “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өткізілді

Талдықорғанда “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өткізілді

     Талдықорған көшелерінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өткізілді.

     Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңес белсенділерінің, “Жастар рухы” жастар қанатының, сондай-ақ еріктілердің қолдауымен нашақорлықтың алдын алу бойынша тақырыптық жадынамалар мен буклеттер тарата отырып, нашақорлыққа қарсы акция өткізді.

– Нашақорлықтың алдын алудағы заманауи тәсіл, есірткіге тәуелділік түрлерін қоғамға көрсетумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау да жүруі тиіс екенін көрсетеді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Искакова.

     Іс-шараға қатысушылар тұрғындар мен жастарды өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге үйренуге, егер өмірде қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарын пайдалануға шақырды.

     Сонымен қатар белсенділер ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі бар, сондай-ақ егер тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласындағы әрекеттердің куәгері болса, қандай әрекеттер жасау керек жолдары жазылған буклеттерді таратып, жапсырды.