
Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.
Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.
Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.
Жобаның негізгі мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі.