Жетісу облысында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі

Жетісу облысында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі

     Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында екі есірткі зертханасының қызметін әшкерелеп, жолын кесті.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды. Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды.

     Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 келіден астам мефедрон тәркіленді.

     Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

     Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.