Қарағанды облысында учаскелік полицейлер алаяқтықтың алдын алды

Қарағанды облысында учаскелік полицейлер алаяқтықтың алдын алды

     Қарағанды облысында учаскелік полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетті дер кезінде тоқтатып, ауыл тұрғынын қаржылық шығыннан құтқарып қалды.

     Оқиға Бұқар жырау ауданында болған. 59 жастағы жергілікті тұрғын өз қырағылығы мен бұрынғы тәжірибесінің арқасында жұбайын алаяқтардың арбауынан сақтап қалған.

     Таңертең әйел адам күйеуінің күмәнді әрекеттерін байқайды: ол телефон арқылы "жинақ қаражаты" жөнінде сөйлесіп, кейін екінші ұялы телефонды алып, асығыс түрде үйден шығып кеткен. Бұған дейін өзі де алаяқтардың құрбаны болған ол жағдайдың мән-жайын бірден түсінеді. Жұмысқа бара жатып, учаскелік полиция инспекторына жолығып, күдігін жеткізеді.

     Жедел әрекет еткен полицейлер зейнеткерді елді мекеннің шет жағынан анықтаған. Сол сәтте ол алаяқтардың нұсқауымен банктік қосымшалар арқылы несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқан. Учаскелік инспекторлар азаматтың қолындағы смартфонды алып, қылмыстық әрекетті дер кезінде тоқтатты.

     Нәтижесінде тәртіп сақшылары 1 млн теңгенің алаяқтардың қолына түсуінің алдын алып қана қоймай, зейнеткерге банк шоттарын бұғаттауға көмектесті. Сонымен қатар, eGov порталы арқылы "несие алудан ерікті түрде бас тарту" қызметі рәсімделді.

     Оқиға иелері полицейлерге қаржылық шығын мен "қарыз тұзағынан" құтқарып қалғаны үшін шынайы алғысын білдірді.