
13 ақпанда ІІМ Басқару академиясында Б. Макеннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ведомство жұмысының негізгі бағыттарын, тергеу бөлімшелерінің қызметін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдарын қарау тәжірибесін талқылады.
Сонымен қатар, қатысушыларға экскурсия ұйымдастырылып, «Regula» аппараттық кешені, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару зертханасы және олардың қосалқы бөлшектерін дайындау үдерісі таныстырылды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері – азаматтық қоғам өкілдері мен ІІМ басшылығы қатысты.
Күн тәртібіне 3 мәселе енгізілді:
Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Макен 2025 жылға арналған кеңестің жұмыс қорытындысын таныстырды.
Сонымен қатар министрдің орынбасары А.Сайтбеков ведомствоның ашықтығының маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру бойынша жоспарлармен бөлісті.