
Павлодар қаласында "Қазақстан – есірткісіз ел!" ұранымен киокушинкай каратэден 18-ші өңірлік және 13-ші республикалық чемпионат өтті.
Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген ең мықты спортшылар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, рух мықтылығын және салауатты өмір салтына деген берік ұстанымдарын көрсетті.
Чемпионат тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар жастар арасында спорттық құндылықтарды насихаттауға және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік спортшы атанған Жасмин Калиева болды. Ол жоғары нәтижелері мен жеңіске деген жігері үшін Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан сыйлық — велосипедпен марапатталды.