
БАӘ Сот әкімшілігінің делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктері Абу Даби қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті төрағасының орынбасары, сот кеңесшісі Юсуф Саид Әл-Абри бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында делегация мүшелері Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметімен танысып, жазаларды орындау, сотталғандарды басқару, оларды жұмыспен қамту, оңалту, қайта әлеуметтендіру және сыныптау саласындағы отандық тәжірибені зерделеді. Сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тараптар қылмыстық жазаларды орындау саласындағы озық тәжірибелерімен алмасып, қол жеткізген нәтижелері мен алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Сонымен қатар, шетелдік делегацияға Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды.