Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды

Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды

Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бастамасымен өңірде ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды — ҚАЖ жүйесінде алғаш рет ведомстволық хор құрылды.

Жаңа ұжым әртүрлі бөлімдерден жиналған 50 қызметкерді біріктірді. Қызметтік міндеттеріне қарамастан, олар өнер мен шығармашылыққа уақыт тауып, ортақ мақсат жолында бас қосты. Репетициялар аптасына екі рет өткізіліп, ұжым өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл бастама қызметкерлердің бірлігін нығайтып, эмоционалдық серпіліс пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етуде.

Хордың қалыптасуында оның көркемдік жетекшісі — Анишева Гульжан Магауяновна ерекше рөл атқарады. Ол — кәсіби хормейстер, Торайғыров университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының хор жетекшісі. Оның жетекшілігімен қатысушылар вокалдық шеберлікті меңгеріп, репертуар мен сахна мәдениеті бағытында жұмыс жүргізуде.

Хордың алғашқы өнер көрсетуі 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара аясында өтеді. Бұл қатысушылар үшін маңызды кезең әрі бірлескен еңбектің нәтижесін көрсетуге үлкен мүмкіндік болмақ.

Хордың құрылуы — ҚАЖ жүйесіндегі мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өнердің адамдарды біріктіріп, рухани жігерді нығайта алатынының жарқын үлгісі.