Айтым Жақұпов погон таққан жандармен жүздесті

Айтым Жақұпов погон таққан жандармен жүздесті

Айтым Жақұпов погон таққан жандармен жүздесті

Еліміздің бас жаттықтырушысы ҚАЖ қызметкерлеріне арналған жаттығу өткізді

Айтым Жақұпов құқық қорғау органдарының қызметкерлерін төзімділікке сынады

Рекорд иесі әрі «JanaMen» әлеуметтік жобасының негізін қалаушы Айтым Жақұпов Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) келіп, мекеме қызметкерлеріне ашық жаттығу өткізді. Сондай-ақ ол өзінің өмірлік тәжірибесімен және мотивациясымен бөлісті.

Бұл кездесу күштік құрылымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастаманың бір бөлігі болды. Рекордтарымен және бұқаралық спорттық жобаларымен танымал Жақұпов бұл жолы тек физикалық дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, ҚР ІІМ ҚАЖК жеке құрамымен де ашық әңгімелесті.

– Сіз салауатты өмір салтын шынайы трендке айналдырдыңыз, – деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков. – Мықты әрі дені сау ұлт қалыптастыруға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Мыңдаған адам сіздің видеоларыңыз бен оқиғаларыңыздан шабыт алады. Сіз секілді азаматтардың арқасында қоғамда өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс арта түсуде.

Өз кезегінде Айтым Жақұпов заң мен тәртіпті қамтамасыз етуші азаматтармен әріптестіктің маңыздылығын атап өтті:

– Мұнда болу — мен үшін үлкен мәртебе. Шақырғандарыңыз үшін және күрделі, бірақ аса маңызды қызметіңіз үшін алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда еліміздегі адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Тәртіп пен заң — тұрақты қоғамның іргетасы екеніне сенімдімін. Сіздермен бірлесе жұмыс істеп, өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын.

Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар мотивацияны арттырып, командалық рухты нығайтады.
Қазір Айтым Жакупов тарихқа енуді және 100 000 кг салмақ тастау бойынша әлемдік рекорд орнатуды мақсат етіп отыр. Қазақстан бұл бастама арқылы бірігудің орталығына айналмақ.

Оның позитивті бастамаларының арқасында Айтым елдің сүйіктісіне айналды. Оның шоуын миллиондаған қазақстандықтар тамашалап, таңданысын білдіруде.