Қызылорда колониясында тыйым салынған затты алып өту әрекеті тоқтатылды

Қызылорда колониясында тыйым салынған затты алып өту әрекеті тоқтатылды

Қызметкерлердің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттың мекемеге жеткізілуіне жол берілмеді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқаттарын тексеру барысында мекеме қызметкерлері ерекше қырағылық танытты. Тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған ұялы телефон табылды.

Аталған ұялы телефон — сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Осыған байланысты, ұялы телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша тиісті әкімшілік материалдар рәсімделді.

Бұл оқиға — ҚАЖ мекемесі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен қырағылығының айқын көрінісі. Қызметкерлердің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында мекемеге тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді.