ӘПК басшылығы Дағдарыс орталығы мен Отбасын қолдау орталығына барды

ӘПК басшылығы Дағдарыс орталығы мен Отбасын қолдау орталығына барды

     Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Карина Қ.К. тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына, отбасын қолдау орталығына барып, сондай-ақ Астана қаласы ПД Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

     Кездесу барысында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заң талаптарын іске асыру аясында полиция, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетігін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.

     Қызметкерлерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, превентивтік шараларды күшейту, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

     Кездесу қорытындысы бойынша полиция, дағдарыс орталығы және отбасын қолдау орталығы арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық тетігі күшейтілді.

     Жеке құрамға жұмысты ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер қойылды.