Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!
22 наурыз күні сағат 11:00-де орталық алаңға шақырамыз! Наурыз мейрамы аясында әсерлі спорттық жарыстар өтеді.
Сіздер тек тамашалап қана қоймай, сондай-ақ дәстүрлі қазақ ойындарына қатыса аласыздар: қазақ күресінде күшіңізді сынап, асық атуда ептілігіңізді көрсетіп, садақ атуда мергендігіңізді дәлелдеп, арқан тартуда командалық рухты байқатып, басқа да спорттық ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие боласыздар.
Барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Сіздерді мерекелік атмосфера мен ұмытылмас әсерлер күтеді! Отбасыңызбен келіңіздер – бәріңізді асыға күтеміз!