
Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Қол күрес, арқан тарту, асық ойнау, ләңгі тебуден жарыстар өтті. Сонымен қатар киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсем ән мен күй орындалып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.