Түркістан облыстық қазақ күресі федерациясының қорытынды жиналысы өтті. Басқосуда өңірдегі қазақ күресінің дамуы, спортшылардың қол жеткізген көрсеткіштері мен келесі жылға арналған жоспарлары талқыланды. Федерацияның вице-президенті Самат Рысбеков баяндама жасады.
Жиынға қатысқан облыстық федерацияның құрметті президенті Болат Қалмұрзаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қазақ күресінің ерекше орны мен рөліне тоқталып, ел намысын абыроймен қорғаған балуандар мен бапкерлерге алғыс білдірді.
Кездесудің соңында халықаралық додаларда топ жарған Әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері марапатталып, оларға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі