ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 3 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 3 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
☑️Түркістан облысында «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен осы жылдың алғашқы жартыжылдығында оңалту орталықтарын ашу бастамасы қолға алынды. Атап айтқанда, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында «Аinala» аралас үлгідегі оңалту орталықтары ашылады. Орталықтар тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиясы, аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар 70 баланы қабылдайды. Мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, әр балаға жеке даму бағдарламасы ұсынылады.
☑️Одан бөлек, жыл соңына дейін Түркістанда «аутизм» диагнозы бар балаларға арналған орталық ашу жоспарлануда. Онда жыл сайын 125 ерекше балаға кешенді көмек көрсетілмек.
☑️Сонымен қатар биыл 30 қазаннан 15 қарашаға дейін өңірге «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді. Онда өңір тұрғындары мамандардың медициналық және құқықтық қызметтерін тегін ала алады.
☑️Айта кетейік, былтыр Түркістан қаласында облыс әкімдігі мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынды. Сонымен қатар «Саламатты болашақ» жобасы аясында Қаратау мен Кентау қалаларында ерекше балаларға арналған инклюзивті хореография және бочча секциялары жұмыс істеп жатыр.
☑️Жалпы, «Samruk-Kazyna Trust» қоры соңғы 5 жылда Түркістан облысында 2,2 млрд теңгеге 19 әлеуметтік жобаны іске асырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі