
Түркістан облысы полиция департаментінде жеке құрам арасында заңдылықты сақтау, қызмет сапасын арттыру және құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті.
Жиын барысында қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар жеке құрамның құқықтық сауаттылығы мен кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, әр қызметкердің жеке жауапкершілігі күшейтілетіні жеткізілді.
Жиынға төрағалық еткен полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев полиция қызметінің негізгі ұстанымдарына тоқталып: - Полицияның басты міндеті – заңдылықты қатаң сақтау және азаматтардың сеніміне ие болу. Әрбір қызметкер өз ісіне адал, тәртіпті әрі кәсіби болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол жоқ. Халықпен жұмыс барысында мәдениет пен жауапкершілік әрдайым бірінші орында тұруы қажет, – деп атап өтті.