Атырау облысында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын-алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен оқу орындары жастары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жан-жақты жүргізіледі.