“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Атырау облысы полиция департаментінде қызметкердердің 6-10 жас аралығындағы балалары арасында “Мен полиция боламын” және “Менің ата-анам полицей” тақырыптарында шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, патриоттық тәрбие беру және полиция қызметіне деген құрметті қалыптастыру болды. Балалар өз қиялдары мен шеберліктерін қағаз бетіне түсіріп, полиция қызметіне деген құрметтері мен қызығушылықтарын ерекше шабытпен бейнеледі.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушы балалар Департамент бастығының алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың отбасылық ынтымағын нығайта түсті.