Азаматтар үшін полиция қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жедел әрі ең бастысы — тиімді жауап беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
2025 жыл басынан бері Атырау облысы Полиция департаменті басшылығының жеке қабылдауында 303 азамат болды. Оның ішінде 39 азаматты департамент бастығы, 96 азаматты орынбасарлары қабылдады. Сонымен қатар, облыстағы қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің басшылары 168 азаматпен жеке кездесіп, өтініштерін тыңдады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы ПД бастығы апта сайын сәрсенбі күні азаматтарды жеке қабылдайды. Ал департамент бастығының орынбасарлары азаматтарды күн сайын қабылдайды.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 98-20-10, 98-20-57. Сондай-ақ, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы да қабылдауға жазылуға өтініш жолдауға мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, облыстық ПД-де, сондай-ақ барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде фронт-офистер жұмыс істейді. Онда азаматтарды тіркеу және қабылдау жұмыстары жүзеге асырылады.