Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналардың назарына!

Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналардың назарына!
Білім беру ұйымдарында 2025 жылғы мектеп бітірушілерге арналған іс-шаралардың өткізілуіне орай, атыраулық полицейлер күшейтілген бағытта жұмыс атқарады. Атырау облысы ПД соңғы қоңырау мерекесі кезінде жасөспірімдер мен оқушыларға құқық бұзушылықты болдырмай, тыныштық пен қауіпсіздікті қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жыл сайынғы ескертулерге қарамастан өкінішке орай, соңғы оқу жылында жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы, суға кету, өз-өзіне қол жұмсау фактілері орын алып, соңы үлкен орны толмас қайғыға әкелді.
Құрметті ата ана!
Арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде мектеп бітіруші түлектер көлік терезесінен шығып, көше тыныштығын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгенін және құқықбұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз!