Полицейге хат

Полицейге хат
Бұл кішкентай Дінмұхаммед Алмасұлының хаты. Оның әкесі, полицей Алмас Әзербаев Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасында қызмет атқарған. Өкінішке орай, 3 жыл бұрын жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты.
Дінмұхаммед әлі кішкентай болғанымен, жүрегінде әкесіне деген зор мақтаныш пен үлкен сағыныш бар. Ол өскенде әкесі сияқты – елін қорғайтын, көмектесетін, құрметке лайық азамат болып өсіп, полицей болуды армандайды.
Өз хатында ол барлық полиция қызметкерлеріне балалық сеніммен, шынайы көңілмен алғыс білдіреді.
Бұл жай ғана сөздер емес. Бұл – әкесін "мәңгілік батырым" деп білетін ұлдың үні.
Батыр деп абыроймен өмір сүріп, баласының жүрегінде із қалдырған барлық әкені айтуға болады.