Атырауда бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Атырауда бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңке кезінде азаматтарға ай сайынғы тұрақты еңбекақы, тегін медициналық көмек, тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы, жыл сайын 45 тәулікті құрайтын ақылы еңбек демалысы, мемлекет тарапынан төленетін ипотека рәсімдеу арқылы тұрғын үй алу, Атырау облысы бойынша бір жыл қызмет өтілі жеңілдікпен бір жыл жарым болуы, зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігі және тегін нысанды киіммен қамтамасыз етілуі секілді полицияда қызмет атқарудың артықшылықтары мен бірқатар жеңілдіктер қарастырылғаны туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтар, яғни қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарынан тестілеуден өтпей-ақ қабылданатыны жеткізілді.
Қойылатын талаптар:
- 18 жасқа толған 35 жастан аспаған;
- денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамды;
- орта, орта-арнаулы, жоғары білімі.
Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқаруға ниет білдірген үміткерлер Атырау облысы полиция департаментіне хабарласа алады.
Мекен-жай: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 55
Байланыс нөмірлері: 98-24-44, 98-21-77.