Дүниежүзілік Банк делегациясымен сауда және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

Дүниежүзілік Банк делегациясымен сауда және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесу өтіп, онда сауда және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

Дүниежүзілік банкке Қазақстан мен өңірдегі сауда және көлік байланысын дамыту бойынша негізгі бастамаларды қолдағаны және сындарлы ынтымақтастығы үшін Қазақстан тарапы алғыс білдірді.

Бұл орайда Жезқазған – Қарағанды учаскесін жаңғыртуға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TRACE) жобасының іске асырылуын атап өтті.

ҚР Сауда және интеграция вице-министр Жанель Кушукованың айтуынша, Қазақстан жаһандық интеграциялық үдерістерге белсенді қатысушы ел болып табылады. Бүгінде 131 елмен сауда жүргізіп отыр және ДСҰ Сауданы жеңілдету туралы келісімінің барлық ережелері толық орындалған.

Дүниежүзілік банк тарапынан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының көлік инфрақұрылымын дамытуға, экспорт пен логистиканы ілгерілетуге бағытталған жаңа жобаның әзірлене бастағаны және осы жобаға Қазақстан тарапынан қатысуға қызығушылық білдіріп отырғаны айтылды. Одан әрі тараптар экспортты қолдау, сауда, цифрландыру, техникалық реттеу мәселелерін және сауда рәсімдерін жеңілдетуге қатысты басқа да мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан шекарасында транзиттік әлеуетті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын шекара маңындағы хабтарды салу мәселелері қаралды. Көлік байланысын дамыту, экспортты әртараптандыру мен ұлғайтуға және өңірдегі ықтимал бірлескен жобаларға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар да осы кездесуде талқыланды.

Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік сауданы нығайту, сауда рәсімдерін жеңілдету және өңірде экспортты ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.