Қазақстан кәсіпкерлерін Сауд Арабиясы Корольдігіне сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан кәсіпкерлерін Сауд Арабиясы Корольдігіне сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылғы 11-13 мамыр аралығында Джидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.

Миссияға қатысу үшін 2025 жылғы 22 сәуір сағат 10:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/jraKEgBYL5RnNBm98.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
+7 778 674 88 47.