«Сұр сертификатқа» жол жоқ

«Сұр сертификатқа» жол жоқ

Қазақстан мен Қырғызстанның сапаны бағалау саласындағы біріккен жұмысы алғашқы нәтижелерін берді.

Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Қырғыз Республикасы экономика және коммерция министрлігінің, Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Стандарттау және метрология орталығының («Қырғызстандарт»), Қырғыз аккредиттеу орталығы (КАО) өкілдерінің, Сыртқы сауда саласындағы «бірыңғай терезе» орталығы МК әріптестерімен жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар ағымдағы жылы наурызда қол қойылған «сұр сертификаттар» - сәйкестікті бағалау туралы бұзушылықтармен берілген құжаттарды - сәйкестікті бағалау талаптары мен рәсімдерін жетілдіру, сапа саласындағы бақылау мен қадағалауды күшейту арқылы, құжатты беру және таратуды тоқтатуға бағытталған екіжақты жоспарды іске асыру барысын талқылады.

Кездесу барысында бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша тексеру және мемлекеттік қадағалауды күшейту нәтижесінде 2024 жылғы 5 сәуірден бастап ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың Бірыңғай тізілімінен, ҚР сертификаттау жөніндегі үш органнан:

  • «Азия Стандарт» ЖШҚ;
  • «Сапат Тест» ЖШҚ;
  • «Семетей Тест» ЖШҚ-дан алып тастап, аккредиттеу аттестаттарының күші жойылғаны атап өтілді.

Бұдан басқа, өнімді сертификаттау жөніндегі алты орган Бірыңғай тізілімнен шығарылды:

  • «МегаСерт» ЖШҚ;
  • «Нукура Серт» ЖШҚ;
  • «КСК Альянс» ЖШҚ;
  • «Бишкек Стандарт» ЖШҚ;
  • «Евразия Сертификат» ЖШҚ;
  • «Трейдинг Консалтинг» ЖШҚ.

Сондай-ақ, қырғыз тарапы қысқа мерзімде сәйкестік декларацияларын тіркеу жөніндегі функцияларды жеке сертификаттау органдардан қырғызстандартқа беруді іске асырды. Бұл «сұр сертификаттарды», оның ішінде қазақстандық өтініш берушілердің де алу ықтималдығын төмендетеді.

Заңсыз сертификаттар айналымын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы техникалық реттеу органдарының екі жақты жұмысы тұрақты және жүйелі түрде жалғасуда.