Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды.

ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына (Қағидалар) сәйкес өткізілді.

Біліктілік іріктеуге Ж.С. Аманжолова қатысуға ниет білдірді.

2026 жылғы 20 наурызда жоғарыда аталған кандидатпен әңгімелесу өткізілді, оның барысында ЕАЭО-ның институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидат Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ұсынымын алуға салалық органдар өкілдерінің мақұлдауын алған жоқ.

Келесі біліктілік іріктеу 2026 жылдың екінші жартыжылдығында жарияланатын болады.

Кандидаттарда уәкілетті органның ұсынымының болмауы оларды ЕЭК-те бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық іріктеуге одан әрі қатысу мүмкіндігінен айырмайтынын атап өтеміз.